Мереке күндері Құрманғазы ауданында вакцинациялау пункттері демалыссыз жұмыс істейді

(0 Votes)

Денсаулық сақтау басқармасы 4,5 және 6 шілдеде Атырау облысының тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ала алатынын хабарлайды.

Ол үшін егу пунктіне барып, медициналық тексеруден өту керек. Атырау облысында аса қауіпті "дельта" штаммы белсенді таралуда. Мұны естен шығармаған дұрыс. Ол барлық мүшелерге тез әсер етіп, аурудың өзі аса ауыр түрде өтеді. Тіпті жас, қосалқы аурулары жоқ адамдар да жұқтырады.

Тек вакцинация пандемиямен күресте тиімді болып табылады.

Өзіңізді, туыстарыңызды және жақын адамдарыңызды қорғаңыз.

Вакцинация туралы қосымша ақпарат алу үшін , төменде көрсетілген нөмерлерге қоңырау шала аласыз. 8(71233) 2-08-12 8778 569 57 66 8701 259 90 33

Құрманғазы аудандық емханасы. Құрманғазы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT