Мереке қарсаңындағы қуаныш

(0 Votes)

Құрманғазылық 100 отбасының қамбасы азық-түлікке толды.

Торқалы Тәуелсіздіктің 30 жылдық тойында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі «Халық» қайырымдылық қорымен бірлескен түрде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға бірінші қажеттіліктегі тамақтарды тегін таратты. Осы тұста, бөлім басшысы Рүстем Нәсиболлаев жанындағы мамандарымен бірге арнайылап, Құрманғазы ауылдық округіндегі көмекке мұқтаж 5 отбасының сөресін толтырып, қалған жәшік толы тағамдарды әр ауылдық округтің мамандарына табыстады. Азық толы қорапта 5 келі қарақұмық, 5 келі күріш, 10 келі қант, 10 келі макарон, 10 келі ұн, 5 л сұйық май, 2 келі шай, 1,6 келі бұқтырылған ет пен балаларға арналған тәттілер бар.

img-20211206-wa0065

Айта кетейік, бұл бөлімнің «Халық» ҚҚ-мен бірлескен түрде өткізген осымен үшінші шарасы. Рүстем Нәсиболлаев, мұндай игі істердің әлі де жалғасарын айтып, қуанышқа кенелген әр отбасыны Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

img-20211206-wa0066

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT