Мерейлі жасына орай қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімі Абат Жанғалиев ұзақ жылдар мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп келе жатқан аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Зияда Садуақасқызы Жоламанованы мерейлі 60 жасқа толуына орай қабылдады.

Мерейгер 1963 жылы 28 тамызда Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында дүниеге келіп, 1970-1980 жылдары Н.Крупская атындағы Ойыл қазақ орта мектебін бітіреді. Жүрек қалауымен Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын мәдени қызметтерін ұйымдастыру мамандығын бойынша аяқтап, жоғары білім алып шығады.

Алғашқы еңбек жолын жолдамамен 1990 жылдың тамызынан Атырау облыстық ғылыми әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының ғылыми әдіскері болып бастады. Кейіннен осы орталықта мәдени ағарту жұмыстарының бөлім сектор, бөлім меңгерушісі қызметтеріне жоғарылады.

1993 жылдың 20 қазанында Құрманғазы ауданына жұмыс барысында ауысып аудандық мәдениет үйінің директорлығына ауысты.

2001-.2015 жылдар аралығында Құрманғазы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылдың 30 сәуірінен қазіргі уақытқа дейін Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы лауазымында. Осындай еселі еңбегімен ауданның мәдениет саласына өлшеусіз үлесін қосқан білікті маманды аудан басшысы Алғыс хатымен марапаттап, иығына оқалы камзол жапты.

Келесі кезектерде аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Елшат Асқар, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары Мерей Әжігереев, Еңбекші ауылдық клубының меңгерушісі Бауыржан Габдулов, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің меңгерушісі Анар Мусина, «Серпер» газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Қазиханов мерейгер жайла жақсы лебіздерін айтып, құттықтау хат пен гүл шоқтарын табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT