«Мерейлі отбасылар» марапатталды

(2 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысушы отбасыларды салтанатты марапаттау шарасы өтті.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсы Елбасының бастамасымен 2013 жылы бекітілген. Конкурсты өткізудің мақсаты – отбасы институтын нығайту, отбасылық және рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың балалар тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, қарт ата-аналарға қамқорлық жасау.

Іс-шараны ашқан аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова байқаудың маңыздылығына тоқталып, 15 отбасы қатысуға ниет білдіргенін тілге тиек етті. Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы аудандық деңгейінің лауреаты атағын беру жөніндегі комиссияның бірлескен отырысының шешіміне сәйкес, үміткерлерге «Ынтымақты отбасы», «Қазыналы отбасы», «Ұлағатты отбасы», «Еңбекқор отбасы», «Өнерлі отбасы», «Берекелі отбасы», «Үлгілі отбасы», «Белсенді отбасы» номинациялары салтанатты түрде табысталды.

img-20210719-wa0106

img-20210719-wa0104

Ал жүлделі ІІІ орынмен Дыңғызыл ауылдық округінен Сәрсенбиевтер, Орлы ауылынан Достыбаевтар, Байда ауылдық округінен Исмагуловтар отбасы марапатталды. ІІ орыннан еңбекшілік Қалиевтер отбасы көрінсе, І орынға Құрманғазы ауылдық округінен Мусағалиевтер отбасы лайық деп танылды. «Мерейлі отбасы» конкурсы аудандық кезеңінің бас жүлдесін Мақаш ауылдық округінен Дюсеновтер отбасы иеленді. Байқау қорытындысымен Мусағалиевтер және Дюсеновтер отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.

Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Р.Сәрсенова, З.Қуанышқызы, Г.Тілегенқызы, Ж.Сағындықов, отбасылық дуэт әсем әндерін орындады.

img-20210719-wa0103

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521