Мерейлі мейірбикелер мерекесінде

(0 Votes)

Адам жанының арашашысы атанған дәрігердің көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметі маңыздылығы ерекше мамандық. Жалпы, мейірбике ісі – ең жауап­ты, қиын да қарапайым, әрі адалдықты қажет ететін маман иесі.

Сырқаттанып, ем іздеген талайдың дертіне дауа, көңіліне демеу бола білген оларды дәрігерден бөліп қарауға болмайды. Осынау ізгі ниеттегі жандардың науқастарды емдеуде, оларды ауруынан айықтыру жолындағы еңбектері орасан екені даусыз. Ал, осындай маман иелеріне қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді. Жауаптылығы аса жоғары кәсіп иелерінің медицина қызметкерлері мерекесінен өзге кәсіби күні де бар. Әлем бойынша 1974 жылдан бастап халықаралық мейірбикелер күнін атап өту туралы шешім қабылданды.

Атаулы күнге орай  аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова ұзақ жыл осы мерейлі қызметті еншілеп, қазіргі уақытта бейнетті еңбегінің зейнетін көріп отырған Балжібек Хасанқызының, Мария Меңдиянованың, Тамара Олжабаеваның шаңырағында болып, кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімінің атынан Алғыс хат табыстады.

medbikeler-kni

Осындай ерекше ілтипатқа разылығын білдірген құрмет иелері кезінде денсаулық сақтау саласында атқарған істері, мейірбикелік қызметтің абройлылығы туралы әңгімеледі. Балжібек апай отыз жеті жыл өкпе аурулары ауруханасында еңбек еткенін, халықты қатерлі дерттен емдеуде Мағзом Ғилаұлындай білікті дәрігермен қанаттас жүргенін үлкен абырой көретінін жеткізді. Дәрігердің жұмысының біраз бөлігін мейірбике атақаратындығы атап өткен Мария апамыз ұзақ жылдар учаскелік дәрігердің жанында жүріп ауылдастың алғысына бөлеген күндерін сағынышпен еске алды. Тамара апамыз болса бірнеше буын құрманғазылықтың кіндік шешесі атанған қолы алтын акушер-мейірбике.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521