МЕРЕЙЛІ МАРАПАТ

(0 Votes)

Бүгінгі таңда Қазақ еліндегі халықтың қолдау үдесінен табылатын руханият, ғылым-білім, мәдениет бағдарламасы аясында әділетті Қазақстанның жаңа ұрпағының ұлтжанды болуының бірегей факторы білім-ілім, мәдениет, рухани сала ісі десек, күшіміз – білімде,  ғылымда, мәдениетте, тектілік тәрбиесінде болғаны.

Қазіргі қоғамдағы жалынды жастарды білікті, рухты, рухани мәдениетті, туған ел патриоты тұрғысында баулу – білім беру, рухани ағарту арнасы, мәдениет, тәрбие саласы мамандарының қасиетті парызы. Қазақ елі ұрпағын ұлттық құндылықтар жүйесінде баулуда білімді, ғылымды бәрінен биік қоюға, ұлттық мәдениеттің тұңғиық тұнбасына бойлатуда, ата-баба дәстүрінен тәлім алуда отансүйгіш ұлтжанды патриот тұлғаларды, ел келешегін биік талаптар үдесінде даярлау аса қажетті іс. Осы іспетті алғы мақсат үрдісінде Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім беру басқармасының мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен тамыз айының 28-і күні «Digital Қазақстан: жаңа замандағы білім беру» тақырыбында аудан ұстаз-педагогтерінің дәстүрлі тамыз кеңесі кең көлемде өткізілді.Тамыз кеңесінде ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы маңызды келелі қадамдар таратыла таразыланды. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдердің пайда болғаны баса айтылды. Мәселен, қоғамды жайлаған бес кеселмен, атап айтқанда, есірткі саудасы және нашақорлықпен, лудоманиямен, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және агрессиямен, вандализммен, ысырапшылдықпен бүкіл ел болып күресіп, тосқауыл қоюға шақырылды.

Тамыз кеңесінде 2023-2024 оқу жылының қорытындылары сараланып, оқу-тәрбие үдерісіндегі қомақты да іргелі жетістіктері үшін М.В.Ломоносов атындағы ЖОББМ ұжымы озаттар сапында танылып, «Үздік мектеп – 2024» номинациясының иегері ретінде мерейлі марапатқа ие болды. Сондай-ақ Құрманғазы ауданы әкімі А.Жанғалиевтың қолдауымен жылдар бойы педагогикалық шығармашылықпен тер төге нәижелі еңбек еткен бір топ ұстаздар қауымы: Р.Хайрлиева,А.Артмухамбетова,Д.Мукушева,А.Такешова,А.Зияшева

 «Табысты ұстаз – 2024» номинациясының иегері танылды.  

Қысқасы, бұл күні ауданымыздың озат ұстаздарының құшақтары гүлге толды...

Қорыта айтсақ, осыншама іргелі де келелі ел келешегін баулу ісінде ауданның білікті ұстаздары – жанып тұрған шырақ сынды. Мәселен, аудан мұғалім-ұстаздары қандай болса, білім-ағарту, тәрбие ордасы да солай болмақ. Біздіңше, ниетсіз, құлықсыз, құштарлықсыз, қиналыссыз айтылған сөздің де, істің де салмағы кем. Елдің ертеңі болар жастарды, бүгінгі мектеп оқушыларын терең білімге қызықтыра баули білгенге не жетсін! Қадірлі ұстаздар! Тәуелсіз еліміздің ертеңі болар жігерлі де рухты жастарды дара көшбасшылыққа, рухани-адамгершілік саласына баулу жолында кешенді күллі ісіміз оңды болсын! Аяулы ұстаздардың мәртебесі арта берсін!

 

Қарлығаш Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы ЖОББМ директорының тәрбие ісі

 жөніндегі орынбасары,қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT