Мерейгерге құрмет

(0 Votes)

Денсаулық саласының ардагері, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, «КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері  Зинетолла Сұлтанғалиұлы Ақпановтың 80 жасқа толуына орай аудан әкімі Марат Мурзиев қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

apanov-ardager1

Аудан басшысы мерейтой иесінің өңір медицинасын дамытудағы ерекше үлесін атап өтіп, иығына оқалы шапан жауып, құттықтау хатын табыстады. Аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов жүрекжарды лебізін білдіріп, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тапсырды. Үзеңгілес жолдастары атынан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев, академик жазушы Өмірзақ Қажымғалиев, Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қадірбай Жармұхамбетов, сыйлас інісі ретінде аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Жұмақай Ғұмаров ақжарма тілектерін ақтарып, халықтың алғысы мен ризашылығына бөленген Зинетолла Сұлтанғалиұлының азаматтық келбетіне, Гиппократ антына адалдық танытқан абыройлы еңбегіне жан-жақты тоқталып, мерейгерді  ерекше ықыласқа бөледі. Аудан әкімі бастаған лауазым өкілдеріне, үзеңгілес жолдастарына Зинетолла Сұлтанғалиұлы көрсетілген құрметтері үшін  риясыз алғысын жеткізді.

apanov-ardager-2

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521