МЕРЕЙГЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ

(0 Votes)

Ауданымызға танымал азамат, ауылшаруашылығы саласының құрметті ардагері, қоғам белсендісі, “Алғаяз” шаруа қожалығының басшысы Серік Алғаязов мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Қайрат Булеков аудан әкімдігінде қабылдау өткізді.

Қ.Булеков мерейгердің аудан дамуына қосқан үлесі, ауыл шаруашылығы саласындағы  жетістіктерін атай келе , Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы А.Саламаттың және өз атынан Алғыс хат табыстады.

«AMANAT» партиясы аудандық филиалы төрағасы Е.Хисметуллин, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Н.Тулепов құттықтау легін жалғап, Алғыс хаттарын табыстады.

Айта кетейік, бұған дейін өткен жексенбіде Серік Алғаязовтың мерейжасына және «Алғаяз» шаруа қожалығының құрылғанына  30 жыл толуына орай  Нұржау ауылдық округінде салтанатты шара өтіп, ат бәйгесіне жалғасқан болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT