МЕРЕЙ ЖАСЫНА ОРАЙ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

(0 Votes)
Аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы Мурзиев Құрманғазы аудандық телекоммуникация торабының бастығы Мағазов Нұрбол Пазылұлын 60 жасқа толуына орай қабылдады.
Аудан басшысы өз сөзінде:
 
- Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, телекоммуникация саласында ұзақ жылдар абыройлы еңбек еткен, танымал азамат Мағазов Нұрбол Пазылұлы мерейлі 60 жасқа толып отыр.Осыған байланысты, Сіздермен қабылдау өткізуді жоспарлаған болатынмын.Нұрбол Пазылұлын баршаңызда танисыздар, Исатай ауданының тумасы,әртүрлі кәсіпорындарда басшылық қызмет атқарып келген, 2003 жылдан бастап, күні бүгінге дейін аудандық телекоммуникация торабының бастығы қызметі лауазымында болды - дей келе, мерейгердің өз ісінің нағыз маманы екенін тілге тиек етіп, аса жауапкершілікпен атқарған қызметіне алғысын білдірді.
 
310676178_1707915552922149_3414052499576134106_n
Құттықтаушылар легін Орлы ауылдық округінің әкімі Жандос Бектемиров жалғап, ортақ игілікте талай жылдар иықтасып қызмет атқарған мерейгердің қарым-қабілетіне, іскерлігіне тоқталып өтті.
 
Өз кезегінде аудандық телекоммуникация торабы ұжымы құттықтауларын арнап, басшыларының сынайтындай емес, сыйлайтындай қызметтес болғандарын атап өтті.
 
Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521