«Мерей» балабақшасында өткен Наурыз тойы

(0 Votes)

Құт пен ырыстың бастауы, әрбір жанның қалауын орындайтын әз Наурыз тойы «Мерей» балабақшасында айрықша атап өтілді.

«Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік шара балабақша жанына тігілген киіз үйде қонақтарды қарсылап, көрісумен басталды. Ұлттық тағамдар қойылып дастархан басына жиналған көпшіліктің ортасына Қыдыр ата келіп, ақ батасын берді.

Одан әрі гүл Көктем ортаға еніп, түрлі ұлт өкілдері Қазақ елін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

Балабақша меңгерушісі Жанаргүл Мұратова баршаға қош келдіңін айтып, жүрекжарды лебізін жеткізді.

Бүлдіршіндер мен балабақша қызметкерлері өз өнерлерін ортаға салып, шараның шырайын келтірді.

Жиналғандарға Наурыз көже ұсынылып, концерттік бағдарламада ата-аналармен ұлттық ойындар ұйымдастырылды.

Құндылықтарымыз да ұлығыланып, «Тұсау кесу» рәсімі жасалды.

Шараға қатысқан аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрғайша Қанатова ұжымның алдағы жұмысына табыс тілеп, бөбектердің болашағы жарқын болсын деген тілегін білдірді. Балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілері мың бұрала билеп, театрландырылған көрініс қойды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT