«Менің таңдауым-саламатты болашақ!»

(0 Votes)

Аудандық оқушылар үйінің ұйымдастыруымен Абай атындағы жалпы орта мектебінде республикалық «Менің таңдауым – саламатты болашақ» атты театрландырылған қойылымдар байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

8c3214cb-f646-46df-b953-9f5e86b68a45

Салауатты өмір салтын белсенді ұстанып, нашақорлықтың адам өміріне тигізер залалы мен қоғамға келтірер зиянын оқушыларға кеңінен насихаттау мақсатында оздырылған бұл сайысқа ауданымызға қарасты 10 мектептен сайыскерлер қатысты. Дода барысында 9-11 сыныптан құралған әр білім ошағының сахна саңлақтары бірінен-бірі қалыспай, көрерменге берері мол туындыларымен бөлісіп, өздері де өзгелері де мол әсер алып қайтты. Ал сайысқа төрелік еткен әділ-қазы алқасы, сахна талаптары мен оқушының өзін ұстау әдебі, қатысушылардың актерлық шеберлігі мен шығармалардың мазмұнына басты назар аударып, бағасын берді.

80c3570d-a4c4-45f3-9ca8-063edd6860bd

Олимпиада нәтижесінде, жүлделі ІІІ-орынды Ә. Сәрсенбаев пен Қ.Мырза-Әли атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары иемденіп, ІІ-орын Абай мектебінің саңлақтарына бұйырды.Сонымен қатар, Б.Бегалиев атындағы ЖОМ-нің жанынан құралған «Нұршуақ» театры І-орынды қанжығалап, облыстық кезеңге жолдама алды. Ал, қалған қатысушыларға Алғыс хат табысталды.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT