Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Атырау облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Абай атындағы орта мектепте «Менің сүйікті кейіпкерім» атты облыстық байқауы өтті.
Оған Атырау қаласы мен Индер, Мақат, Қызылқоға, Исатай, Жылыой, Махамбет және біздің ауданнан оқушылар қатысты. Байқау төрт бағыт бойынша өтті.
Ашылу салтанатында облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері Маргарита Ахметова сөйлеп, сайыстың мәні мен мазмұнын, шарттарын түсіндірді.
Байқау қорытындысымен Мақат ауданынан қатысқан Нариман Оңайбаев І орын алып, ноутбук иеленді. Біздің Крупская орта мектебінен қатысқан Алина Саркитова ІІ орыннан көрінді. Үшінші орында Алина Аманбай (Атырау), Әнуарбек Қабдол (Қызылқоға), Дилназ Юсупова (Махамбет). Ләззат Жамбылқызы (Индер) мен Жансезім Қуандықова Алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған оқушыларға дипломдар мен сыйлықтарды облыстық Білім беру басқармасының әдістемелік орталығының әдіскері, әділқазылар алқасының мүшелері мен төрайымы Маргарита Ахметова табыс етті. Оқушылар білімін шыңдай түсетін мұндай байқаулар алға қарай да жалғаса береді деген сенімдеміз.
Қ.ЗАРЛЫХАН.