«Менің Отаным – Қазақстан» слёті

(0 Votes)

Республика күніне орай Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігі, Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырылуымен 2022 жылдың 21-23 қыркүйек күндері  «Менің Отаным – Қазақстан » туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слёті өткізілді.

Республикалық слет өлкетану, туристік, шығармашылық болып 3 блоктан құралды. Әр номинация бойынша төмендегі оқушылар өз жұмыстарын қорғады.

Өлкетану блогы: «Халық дәстүрлері, әдет-ғұрыптар мен мәдениет» номинациясында Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Мұратқалиев Нұрлан, жетекшісі Сабихиев Зулпыхар. «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» номинациясында Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сакенқызы Қарақат, жетекшісі Сабырғалиев Ернар. «Туған өлке соқпақтары» номинациясында Манаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қаден Еркежан, жетекшісі Абдуллаев Азамат.

Туристік блогы: «Туристік кедергілер жолағы» номинациясында Ақкөл жалпы орта мектебінің оқушылары Аманғали Бердіғали, Құрманғазы Алихан, Скандарбекова Дана, Галимжанов Фархат, Сүлейменұлы Олжас, жетекшісі Сарсембаев Есболай.

Шығармашылық блогы: «Бардтық әндері байқауында» Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Халу Бақтияр, жетекшісі Атаев Адильбек. Аталған оқушыларымыз қатысқандығы жөнінде сертификаталған болса,  Өлкетану блогы бойынша «Өшпес жұлдыздар» номинациясында «Уалитхан Танашев тағылымы» тақырыбында З.Серікқалиұлы атындағы мектеп интернатының оқушысы Жамбул Аянжан жүлделі ІІІ-ші орынды иеленді. Жетекшісі Сапуов Төлеген Алғыс хатпен марапатталды.  Слетке қатысқан оқушылар мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтаймыз.

s

s

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT