«Мен және менің балам» ата-аналармен бірлескен семинар – практикум

(0 Votes)

Балабақша мен отбасы бір – бірін толықтыруға және өзара әрекеттестікте екі маңызды білім беру институты. Осы орайда «Мерей» бөбекжай балабақшасында «Жас ата – аналар мектебі» жобасы жыл бойы өз жұмысын атқарып келеді.

Жобаның мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту және тәрбиелеу мәселелерінде жас ата – аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Жоба төңірегінде балабақшада педагогтармен жас –аналармен бірлескен «Мен және менің балам» тақырыбында семинар практикум болып өтті.

Семинар практикумды балабақша әдіскері Наурызбаева Бибигуль Тастайбековна ұйымдастырып жүргізді.

Ашылу салтанатын балабақшаның сарапшы – педагогы Калимова Гулмира Мұратқызы домбырада «Туған жер» әнімен әуелетіп ашып берді.

Семинар – практикум әрмен қарай  ата-аналармен:

  1. «Психологиялық ахуал» орнату мақсатында әуенді қимыл – жаттығу орындаумен басталды.
  2. Топқа бөлу «Мақалды жалғастыр»
  3. «Айналмалы бекеттер» әдісі (топтық жұмыс)
  4. «Стикердегі диалог» әдісі.
  5. Сергіту сәті. (Сурет салу)

Қызыққа толы ата-аналармен бірлескен ойын тапсырмаларынан кейін, балабақша тәрбиешілері:

А) Раисова Лидия Зинуллақызы

«Сиқырлы киіз үй» көп салалы дидактикалық әдістемелік ойын құралы.

Ә) Хажекенова Аилита Зульпухарқызы

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қолдың ұсақ моторикасын дамыту – Су – Джок терапиясы»

Б) Жантемірқызы Бекзада

«Балабақшада мнемо – техника әдісін қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту» тақырыптарында өз тәжіибелерімен бөлісті.

Семинар-практикум: «Жұдырықты – алақай» әдісімен қорытындыланды.

Біз жас ата – аналар семинар – практикумнан түйгеніміз, алған әсеріміз көп болды. Бала тәрбиесінде педагогикалық  әдіс – тәсілдерге сүйенген дұрыс екен. Жас кунінде бала қандай тәрбие алса, сол ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Семинар – практикумды жоғары дәрежеде өткізген балабақша меңгерушісі Мұратова  Жанаргүл Қуандыққызы мен әдіскер Наурызбаева Бибигүл Тастайбекқызы  жас ата – аналар атынан алғысымыз шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін, шығармашылық табыс тілейміз, ата – аналар алғысына бөленіп жүре беріңіздер.

Жаннат  Мақсымқызы

 «Жас ата – аналар мектебінің» мүшесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521