«Мен тербеймін туған жерді әніммен»

(0 Votes)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында және тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Мен тербеймін туған жерді әніммен» атты жергілікті сазгерлердің әндерін орындаушылардың байқауы өтті.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халық ағарту ісінің озық қызметкері Талапқали Сұлтанмұратұлы алғашқы сөз алып, шараның маңыздылығына ерекше тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыста бақ сынаған 10 өнерпаз туған өлкеміздің мақтанышына айналған Талапқали Зайнуллин, Мейрамбек Оразбаев, Берікбол Қонаров, Жексенбай Тәжібаев, Есенғұл Қаражановтың әндерін әуелете шырқады. Талапқали Зайнуллин, Милана Боханова, Қанат Ғұмаров, Гүлзада Кенжешова, Мейіржан Ықыласовтан құралған қазылар алқасы сайыскерлердің дауыс ырғағы, сахна мәдениеті, орындаушылық шеберлігін сынға алып, әділ бағасын берді. Нәтижесінде Арсен Қуандықов (Теңіз а/о) және Қайрат Уапов (Сафон а/о) Алғыс хат еншіледі. «Т.Зайнуллин атындағы арнайы жүлдемен» Мейрамбек Мамбетов (Нұржау а/о), «Көрермен көзайымы» аталымымен Нұрсейіт Ғизин (Сүйіндік а/о) марапатталса, Қадыржан Қапсихов (Мақаш а/о), Қуаныш Ажыханов (Дәшін а/о) дипломант атанды. Ербол Зұлхарнаев (Орлы а/о) III орын, Нұрлан Төлегенов (Ақкөл а/о) II орын, Толыбай Қажыгереев (С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі атынан) I орын иеленсе, Асылай Дәрменбаева (Байда а/о) бас жүлдені қанжығасына байлады.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521