Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беруді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі), Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Төтенше жағдайлар министрлігі), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (бұдан әрі – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, өз құзыреті шегінде жүргізеді. Делінген ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы №597 қаулысының 3-ші тармағында.
Осыған орай Аудандық қорғаныс бөлімімен Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қиғаш бойындағы Ф.Оңғарсынова және Ғ.Мүсірепов атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларының қатысумен сол маңдағы шекара бөлімшесінде «Бір күндік» ашық есік күні «Мен сарбаз болғым келеді» акциясы шеңберінде өткізілді.
Оқушылардың шекера бөлімшесі аумағына кіруде ұялы телефондарын сөндіріп, саптық адыммен жүргізуді БӘД жетекшілеріне нұсқау берілген соң, әрі қарай бөлімшенің тәрбие жөніндегі орынбасарлары шекараның бір күндік тыныс тіршілігімен таныстыру үшін модульдік типте салынған тәрбие бөлмесін, солдаттардың жатын орнымен тамақтанатын асханаларын және қару-жарақпен кинология қызметімен таныстырды.
Балдарға ұнағаны жеті қазынаның бірі, иттің қазақша әмір бергенде орындаған тапсырмалары ұнады. Әрине қызметтік итті үйретуші кинолог әскери қызметішінің еңбегі ұшан-теңіз екені көрініп тұр. Бұндай иттермен шекараны заңсыз өткен адамдарды ұстауда іздестіруде қолданылатындығы айтылды.
Одан кейін оқушыларға жатын бөлмедегі төсек орынды жинау, ас бөлмесі, көлік техникалары тұратын ангарлар таныстырылды. Кезекшілікке түскен кезде киетін брондалған жиденің ауырлығын киіп көріп бірінен кейін бірі қызықтап жатты.
Е. Мухамбеталиев,
Құрманғазы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор