Мемориалды тақта орнатылды

(0 Votes)

Ұстаздық ұлы жолда ерен еңбек еткен Абатов Бекболат Абатұлына арналған ескерткіш тақта орнатылды.

e57ba987-3eaf-4ec6-9d98-20c588aeb654

Оны М.Ғилаев көшесіндегі ардагер педагогтың өзі тұрған үйінің қабырғасына тұрғызды. Мемориалды тақтаның ашылу салтанатына аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы мен ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік қызметшілер және арнайы шақырылған қонақтар: білім беру ісінің үздігі Өміржан Саясатұлы, химия ғылымдарының докторы Ербол Сахитұлы мен Жаңаталап ауылдық «Ардагерлер кеңесінің» мүшесі Алтай Елеусінұлы қатысты.

a3dccd60-701a-4c59-a31e-a78a9e5c4754

Шараның алғысөзін Өміржан Жұманиязов алып, Бекболат Абатұлының есімін өшірмейтін тақтаны ұсынуда шәкірттерінің ұсынысын жерде қалдырмай, қолдау көрсеткен аудан әкімі мен аппаратына алғысын білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді.

cad42b5c-4ca1-4efe-99be-d5827aff0463

Бала жанының бағбаны ретінде 47 жылдық еңбек өтілі бар, білім саласында өрелі істердің өркенін жайған, ҰОС ІІ-дәрежелі орденімен наградталған, Қазақ КСР-і «Халық-ағарту ісінің озық қызметкері» белгісінің иесі Бекболат Абатовқа арналған тақтаны ресми түрде Ербол Сахитұлы мен Алтай Елеусінұлы ашты.

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT