Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын түбегейлі жақсарту-бүгінгі алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің ең тиімді, әрі үздік түрі ретінде электронды вариант болып табылады.
Соның дәлелі «Азғыр ауылдық округ әкімі аппараты» ММ-де орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы, қазіргі уақытта тұрғындар электрондық цифрлық қолтаңба және әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлерін аудан орталығына бармай-ақ, қажетті қызметтерін алуда.
2021 жылдың 12 ай ішінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны-504, Оның ішінде ЭЦҚ-376, некеге электронды өтініш қабылдау-3, наркологиялық және психоневрологиялық анықтама-15, жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама-25, соттылығы болуы не болмауы жөнінде анықтама-12, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту-27, зейнетақы аударымдары-19, мүгедектік туралы анықтама-6, мекен жайға отырғызу бойынша-14, мұрағаттық анықтама беру-2, жаңа туылған балаға туу туралы куәлік алу үшін онлайн өтінім беру-5. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Мемлекеттік қызметтің барлық түрі ақысыз көрсетіледі.
Гумаров Арон Қисметұлы,
Азғыр ауылдық округ әкімі
аппартының бас маманы