Мемлекеттік қызметтің беделі

(0 Votes)

Қандай ел болмасын, өзінің мемлекеттік қызметшілеріне сүйенеді. Өйткені, олар  мемлекеттің бет-бейнесі, ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыратын тұлғалар.

«Бір басшыға мың қосшы», дегендей, елдегі жүргізіліп жатырған стратегиялық мақсаттағы реформалар, қабылданған бағдарламалар бойынша  ұйымдастырылатын іс-шаралар, жүзеге асырылғалы отырған жоспарлар, барлығы да мемлекеттік қызметкерлер тарапынан атқарылады. Сол себепті олар  білімді, білікті, өзіне сеніп тапсырылған  қызметіне  жауапкершілікпен қарайтын, тындырымды, ұқыпты, ыждағатты, қарапайым азаматтармен  қатынаста сыпайы  болуы  тиіс. Олардың қызметте және одан тыс уақытта  өзін қалай ұстауы керектігі, этикасы мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексінде нақты  көрсетілген. Оны сақтау халықтың алдында біздің ғана емес, еліміздің абырой-беделін көтереді.

Мемлекеттік қызметке келген адам елдің мүддесін қара басынан жоғары қойғаны жөн. Сонда ешқандай жемқорлық, бюрократтық, менмендік, қызметтегі құқық бұзушылықтар  орын  алмайды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері осыны жақсы түсініп, елімізге деген адалдығын іспен көрсетуде. Түрлі құжаттарды қабылдау, оларға уақытылы  тиісті жауабын беру, аудан көлемінде жоспарланған іс-шараларды ұйымдастыру, атқаруға  белсене  атсалысу сияқты бірі екіншісіне жалғасып жататын қым-қиғаш күнделікті тірлігімізде тапсырылған жұмысты тиісті дәрежеде  жасауға күш саламыз. Басшымыз да, басқамыз да қол қусырып отырмай, бәрін өз уақытында үлгеруге тырысамыз. Соның бәрін жасай жүріп өзге мекемелерден шығып бір нәрсе сұрай қалса, «қолымыз тимей жатыр, бос емеспіз», деп тартыншақтамай  білгенімізді айтудан, бағыт сілтеуден, кеңес беруден тартынған емеспіз. Себебі, біз мемлекеттік қызметшіміз. Азаматтармен жақсы қарым-қатынаста болу біздің басты қағидамыз.

Елшат Асқар,

Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT