Мемлекеттiк қызмет – мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметкердің оң беделін бекіту және қалыптастыру, мемлекеттік жүйені дамытудың ең басты бағыттарының бірі.
Білікті маман – мемлекеттік қызметтің беделі. Мұндағы басты міндет – халыққа сапалы әрі дер кезінде жедел қызмет көрсету. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өзінің жұмысының мәнін білу керек, өз елінің патриоты болып, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру үшін барлық шараны қолдануы қажет.
Бедел – халықтың билікке деген сенімін білдіру деңгейі, мемлекеттік органдардың басқару қызметін бағалауы, әрі қоғамдық ықпал етуші. Осыған орай, бүгінде мемлекеттік қызметтің оң беделін қалыптастыруға айтарлықтай ілтипат бөлінуде. Мемлекеттік басқаруда халықтың белсенді қатысуы – алғы мақсат. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына тұрақты түрде көңіл бөлініп, тұтынушылардың пікірі мен мониторинг жүргізуге ерекше назар аударылуда. Бұл ретте жүргізілетін жұмыстарда ашықтық пен жеделдік талап етіліп, ұсыныстар енгізілуде.Мемлекеттік қызметкер болу – ол үлкен мәртебе, кәсіпкерліктен басқа, үлкен адамгершілік қасиеті болу қажет. Әсіресе қазіргі БАҚ-ы, ақпараттық технология дамыған уақытта. Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру керек, мемлекеттік қызметкер дәрежесіне үміткерлер халық алдында жауапты екендіктерін ұмытпаулары қажет.
Жауапкершілік жүгін арқалаған азаматтар мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын, мінез-құлық қағидаларын жадында ұстап, ұлт рухын ұлықтай білуі үшін адамгершілік қарым-қатынас, тілдік нормаларын қалыптастыруынан бастау алады. Бұл қоғамдық байланыс орнатудың негізі болғандықтан әрбір мемлекеттік қызметшіге міндет саналады.
Көптоғай ауылдық округ әкімі аппаратының
Бас маманы Шамеров Айдос Елдосұлы