«Мемлекеттік қызметтің беделі»

(1 Vote)

Мемлекеттік қызметтегі мемлекеттік қызметшінің беделі –мемлекет беделі. Мемлекеттік қызметшілер – билікпен бұқара халықтыңарасын жалғайтын алтын көпір.

Қарапайым тұрғындардың жергіліктібилікке дегенсеніміартып, мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершілік үдесінен шыға білгенде ғана екі арадағы көпірдің баршаға тиімді болатыны ақиқат.

Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Президенттің пәрменімен мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты ауқымды реформалар жүргізіліп келе жатқаны мәлім. Атап айтсақ, егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін жасақтады. Қазақстан бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізіп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру шараларын жүзеге асырды. Қазіргі заманның мемлекеттік қызметшілерге деген талабы жоғары. «Кудряшов ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасап келеміз. «Мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілігі жоғары, тәжірибелі, әділдік, адалдық, адамгершілік қағидаларын қатаң ұстанған, өз елінің ұлтжанды азаматы болуы қажет» - деп түсінеміз. Күрделі кезеңде мемлекет алдында тұрған өзекті шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілер екенін ескеріп, бұл тұрғыда біздер басқаларға өзінің ісімен, әділдігімен, қарапайымдылығымен, сабырлылығымен, шыншылдығымен, отансүйгіштігімен үлгі болуымыз керек.

Менше, мемлекеттік қызметті атқарып отырған мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекет беделі. Ел мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына қарап билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлерге артылған жауапкершіліктің маңыздылығын ескеріп мемлекеттік қызметті адал атқарып келеміз.

Кудряшов ауылдық округ әкімінің

аппаратының бас маманы

Хайруллина Эльмира Батырбекқызы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521