Мемлекеттік қызметші –үкімет пен халық арасындағы алтын көпір. Халыққа қызмет көрсету барысында мемлекеттік қызметші өзіне жүктелген міндеттерді орындаумен қатар, тұрғындарды қабылдау барысында қатаң әдеп нормаларын ұстануы тиіс.
Азаматтармен өзара қарым-қатынас тиімді мемлекеттік аппараттың негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біз әркез қызмет көрсетудің жоғарғы стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынамыз. Жұмыс және жұмыстан тыс уақытта да мемлекеттік қызметші беделін түсіретін немесе қоғам тарапынан сын тудыратын ситуациялардан өзін алшақ ұстауы тиіс. Іскерлік этикет пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтамау- Әдеп кодексін өрескел бұзу болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлер әдеп қағидаларын сақтаған, еліне, халқына адал қызмет ететін қызметкер болуы тиіс деп есептеймін. Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау-басты парызымыз.
Айымгүл ЖАМАНҚҰЛОВА,
Мақаш ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы