Мемлекеттік қызметшінің беделі – мемлекет беделі

(0 Votes)

Ел мемлекеттік қызметкершілердің жұмысына қарап билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Бұдан мемлекеттік қызметкерлерге артылған жауапкершіліктің маңыздылығын байқаймыз.

Десек те, олар «ұлттың қызметшісі» атанғанда ғана мемлекеттік қызмет мінсіз болатыны ақиқат». "Ел болам десең, бесігіңді түзе" деген халқымыз бүгінгідей тәуелсіздік тұғырын нықтап, тұрақтылықты қалыптастыруы - мемлекетіміздің саяси бағыт-бағдарының оң нәтижесі деп білемін.Мұндайда халықты өркениет көшіне жетелейтін ең алдымен мемлекеттік қызмет тізгініндегі азаматтарға зор жауапкершілік жүктейді.Бұқарамен байланысып, іскерлік қарым-қатынас жасауға мемлекеттік қызметшілердің үлгі бола білуі, қоғамның дамуына жол салар тұлға ретінде маңызды болмақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшілер өздерінің қоғамдағы рөлін сезініп, біліктілігін арттыру, интеллектуалдық ынтымақтастық пен ортақ тіл табуда ең бастысы адамдық қарым-қатынас жасау жүйесін қалыптастыруы керек. Ол үшін әрине, әрбір мемлекеттік қызметші өзінің қызмет этикасын, функциональдық міндетін жетік білуі шарт.Сонымен қатар, қызмет әдебін сақтай білу керек. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сай, кәсіби еңбегіне жанашырлық таныту Конституциялық құқықтарын меңгерудегі біліктілігіне негіз болмақ. Сонда ғана қоғамның ілгерлеуіне ықпал етер қозғаушы күш - мемлекеттік қызметшінің өркениетті ел мүддесі үшін үлесі зор екені айқын.

Азғыр ауылдық округінің маманы А.Нигметова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT