Мемлекеттік қызметшілер, сала ардагерлері!

(1 Vote)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет - мерейлі міндет. Өз халқың үшін қызмет ету - түсіне білгенге зор бақыт. Мемлекеттік қызметші бір саланы қамтитын мамандық емес, ол ел Президентінің саясатын жергілікті жерде жүзеге асырушы, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын жеткізуші, яғни мемлекетіміздің бет-бейнесі. Сондықтан, әрқайсысыңыз өз салаларыңыз бойынша жүктелген міндеттерді ең жоғары деңгейде орындауға тиіссіздер.

Сіздердің парыздарыңыз - ел экономикасын жақсарту, аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, халықтың бірлігін сақтау. Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас күшқуат, отбасыларыңызға амандық, ырыс пен береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! 

Құрметпен, аудан әкімі Марат МУРЗИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT