Мемлекеттік қызметшілер күні аталып өтті

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды.

Еліміздің Әнұраны шырқалғаннан кейін аудан әкімі Марат Мурзиев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу керек екенін атап өтіп, сала ардагерлері мен бүгінде көзге түсіп жүргендердің есімдерін құрметпен атап, олардың бір тобына марапат ұсынды.

Атап айтсақ, Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Марат Хасанов, Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрболат Қайырмеденов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Жаннұр Хамитова, Ақкөл ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Руфина Қайрушеваны марапаттады. Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің алғыс хатын аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы Сахтапберген Ертелеуовке табыстаса, бір топ қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен ұлығыланды.

a41dc789-701c-4a89-bf14-c2f6ce3c9efa

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадада осымен 12-ші рет жеңімпаз атанған аудан командасына кубок тапсырып, жекелеген ойыншыларына алғыс хатын ұсынды. Аудандық мәслихат депутаты, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Өмірболат Есенғазиев мәслихат хатшысының алғыс хатын сала үздіктеріне табыстады.

Салтанатты жиын соңы мемлекеттік қызметшілер мен С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521