Мемлекеттік қызметкерлеріміз әдеп сақтап жүр ме?

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте әдеп және орындаушылық тәртіптің сақталуы туралы мәселе қаралды.

dep-otyrysy1

Оған аудан әкімдігінің аппарат қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібіндегі мәселеге орай аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Нұрлыбек Қалиев хабарламасын ұсынды. – Бүгінде мемлекеттік қызметке қызығушылықтың артуы әсіресе жастар тарапынан мемлекеттік органдарда қызмет етуге талпыныс бары қуантады. Биылдан бастап пилотты жүйеде мемлекеттік мекемелерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізілуі де қазіргі уақытта оң нәтижелерін беруде. Бүгінгі күннің талабы – мемлекеттік қызметшіден моральдық әдепті сақтаудағы жауапкершілік деңгейін арттыруды, халқына адал қызмет етуді талап етеді, - дей келе, жыл басынан бері атқарылған жұмыстарды саралады. Мәжілісте аудан әкімі Қайрат Талапұлы мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтау, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, қызметтік этика нормаларының бұзу фактілерін болдырмау, жеке қабылдау, телефонмен сөйлесу әдебін сақтау міндеттерін қатаң ұстануды ескертті. Елбасының Жарлығымен қолданысқа енген Әдеп кодексі түрлі деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін айқын бағдаршам. Ендеше оның орындалуы мен сақталуы қашанда назарда ұсталғаны жөн. Бұл өркениет көшіне бет түзеудің басты бір жолы болмақ.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521