Еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет» деп Ата заңымызды белгілеп, даму бағыты айқындалған, жарқын болашаққа қарай батыл қадам басқан Мемлекет болып қалыптасып келеді.
Жас Мемлекеттің ірге тасын қалау, құру, қалыптастыру бағытындағы ең жауапты іс-мемлекетік қызметшілерге жүктелді.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік – әрбір мемлекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда – мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.
Имиджді көтеру бойынша жұмыстар бірінші кезекте басты жетістігіміз болып келетін жас мемлекеттік қызметшілерімізге бағытталуы тиіс. Бұл орайда мемлекеттік қызметті дамытудағы барлық жетістіктер, мәселелер, сонымен қатар, жұмыс сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтің беделін күшейту жолдары қарастырылады.
Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кез келген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Нақты айтатын болсақ, ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – жауапты міндет. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Мұхитов Мұратбек Асқарұлы,
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының
құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бас маманы