Мемлекеттік қызметке тұру семинары

(0 Votes)

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі(кадр қызметі) бөлімінің бас мамандары Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі студенттерімен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына және құқық қорғау қызметіне тұру жолдарын түсіндіру мақсатында семинар өткізді.

Асылбек Анесов жиналғандарға аталған қызметтерге орналасуға арналған тестілеу бағдарламасымен таныстырып өтті. Egov порталы арқылы өтініш беріп, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту, оның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерді бағалау, мемлекеттік әкімшілік лауазымға арналған жалпы конкурс сындарынан өту бойынша түсінік берді.

Рабиға Қисамеденова, Ақсұңқар Сабрияева мемлекеттік қызметке кірудің өзі үш сатыдан тұратынына, қызметкерлердің қызметте жоғарылау үшін төменгі лауазымдағы жұмыс өтілінің болуы керектігіне, сондай-ақ, меритократия қағидаттары жөнінде тоқталып өтті. Қызметке орналасу кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша мүмкін болатыны қаперге берілді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта мемлекет тарапынан осы санаттағы қызметшілердің жағдайларын жақсартуға маңыз беріліп, істейтін жұмыс сипатына, көлеміне және нәтижесіне байланысты жалақы деңгейін көтеріп отыру, материалдық көмек көрсету, бонустық төлем төлеу туралы айтылды. Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестаттаудан өткізіліп отыратыны, мемлекеттік тілді білу деңгейі, жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қызметтерін адал атқару жайлы мысал келтіре отырылып түсіндірілді.

Студенттер арасынан колледжден алып шыққан арнаулы орта біліммен мемлекеттік қызметке тұруға бола ма деген сауалдар қойылды.

А.НӘЖІМОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521