Мемлекеттік қызметке әдептілік тән

(0 Votes)

Бүгінгі таңда Қазақстанның мемлекеттік қызметшісі халықтың билік органдарына сенімін нығайтатын, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратын бейне.

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруда жетекші рөлге ие, ең маңызды тетіктердің бірі. Сондықтан мемлекеттік қызметшінің моралдық бет-бейнесі мен этикасына айырықша көңіл бөлінуінің себебі – оның іскерлігін ғана емес, айналасындағыларға деген құрметі мен ізетін де жетілдіру.

Әдеп Кодексі жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деп аталған бес бөлімнен тұрады. Мемлекеттік қызметшінің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған талаптарға сай болуы тиіс. Осыған қоса мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігіне және жүріс-тұрысына қарай қазіргі қоғамда халықтың атқарушы билік жайлы көзқарасы мен оған деген сенімі қалыптасатыны белгілі. Сол себепті өз қызметімізде халықтың көңілінен шыға білу басты қағидамыз бола білуі тиіс.

Ж.Төреғалиев,

Байда ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT