Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын көпір.
Қазіргі уақытта «Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде 6 қызметкер жұмыс жасайды. Халыққа еңбек ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы-әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екенін мақсат етіп, өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайды. Әр жұмысшы өзіне берілген жұмысты адал және лайықты орындап, халықтың сенімін ақтай отырып, заңдар мен этиканы қатаң сақтап жүр. Барлық мемлекеттік қызметші де осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс.
Алхам Закарин
Нұржау ауылдық округ әкімі
аппаратының бас маманы