Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ақкөл ауылдық округіндегі «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» және «Электрондық үкімет» веб - порталы арқылы мемлекеттік қызметтің 2031 түрі көрсетіліп, 603 тұрғын электрондық цифрлық қолтаңба алды.
Сонымен қатар, елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру бойынша 11 өтініш түсіп, оның төртеуі қанағаттандырылып, тоғыз өтініш иесіне түсінік берілді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге екі өтініш түсіп, мерзімінде орындалды. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою мемлекеттік қызмет түріне 29 өтініш, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұйымдастыру мемлекеттік қызметіне – 60 өтініш беріліп, барлығы да қанағаттандырылды.
С.Маштаев,
Ақкөл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы