Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.
«Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің 2020 жылдың ІІІ тоқсан қорытындысы» бойынша ақпаратты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қайсар Мақсотов баяндады. – Бүгінде ауданның жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтердің 85 түрі көрсетіледі. 2020 жылдың ІІІ тоқсанында 15980 мемлекеттік қызмет ұсынылды. Оның 875-і қағаз түрінде, 3066-ы мемлекеттік корпорация, 10799-ы мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде, 968-і «электрондық үкімет» веб-порталы, 177-і «Е-лицензиялау» арқылы қызмет көрсетілді. 2020 жылдың ІІІ тоқсанында мерзімінен кешіктірілген қызметтер болған жоқ – дей келе, хабарламашы электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, халықтың мемлекеттік қызмет жөнінде сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстар жалғасын табатынын жеткізіп, қызмет барысында туындаған кейбір мәселелерге орай бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.
Одан әрі, бөлім басшысы Қайсар Еркінұлы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді талдаудың нәтижелері туралы баяндады. Жалпы алғанда, талдау жасалған қызметтердің 70 пайызы жер қатынастары мәселелеріне қатысты болып отыр. Мәжіліс соңында ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары күн тәртібіндегі тақырыпты жан-жақты талқыға алып, жұмыс барысында кездесетін кедергілері, ұсыныстарымен бөлісті.
А.Шакупова