Мемлекеттік қызмет – абыройлы қызмет

(0 Votes)

Бүгінде некеге тұруға және туу туралы куәлікке өтініштер беру, қажетті анықтамалар, тағы да басқа құжаттар «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы бар азаматтар  онлайн тәртібімен талап арыздарын бере алады.

Бұл – аудан орталығынан шалғайда тұратын ауыл тұрғындары үшін өте тиімді әрі қолайлы. Осы ретте, мемлекеттік қызметтерді алу үшін Асан ауылдық округі әкімдігі ғимаратында орналасқан «Өзіне – өзі қызмет көрсету бұрышы» арқылы аптаның жұмыс күндері кез келген уақытта келіп, өзіңізге қызмет жасай аласыз. Аталмыш бұрыш арқылы 293 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді. Оның ішінде: ЭЦҚ кілттерін қайта шығару, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту, зейнет ақы аударымдары, мүгедектік туралы анықтама, архивтік анықтама беру т.б.

2021 жылы «елді мекен шегінде объект салу» бойынша – 3, «жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беруге» – 1, барлығы – 4 өтініш тіркелді.

             

Г.Кабдражитова,

Асан ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT