Мемлекеттік тілдің мәртебесі биіктемек

(0 Votes)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауында елең еткізген мәселелерді қолдап, қашанда оңтайлы шешім қабылдайтыны етенеден мәлім.

1 Қыркүйекте де жолдаған осы Жолдауының да ерекшелігі көп. Шәкірт тәрбиелеуде еңбегім сіңіп жүрген ұстаз ретінде Мемлекет басшысының бұл шешімін оң қолды көтере қолдаймын. Оның қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтауды міндет қылып, ҚР-ның әр азаматының құқығы басты орында екенін ескергендігі көңілге қуаныш ұялатты. Өйткені, татулық - береке мен бірліктің негізі. Сонымен қатар, мемлекеттік тіл қазақ тілін дамыту елдің басты бағдары екенін де тілге тиек етіп, бұл жолда айқындық басым екенін ашып айтты.

Отаншылдықтың басты белгісі болған ана тілін бәрі біліп, қолданыста кеңірек қолдануды талап етті. Әрине,өзге тілді білген дұрыс, десе де рухымызды асқақтатар қазақ тілін білуді міндеттеді. Оған қоса,1-Қаңтардан бастап бірқатар заң күшіне енуі қажеттігін айтты. Мәселен, азық-түлік бағасының шарықтауын тоқтатып, нарықтағы бағаны тұрақтандыруды жауапты лауазым өкілдеріне жүктеді. Бұрын ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 болса, енді оны 60 000-ға көтеруді тапсырды.

Биыл мұғалімдер мен дәрігерлердің ғана айлығы өскен болса, ендігі жылдан бастап 2025 жылға дейін техникалық қызметкерлер, кітапханашылар және т.б қызметкерлердің жалақысын 20%-ға өсіру қажеттігін айтып,заңға енгізді. Бұл әрине, еңбегі ескерусіз жүрген мамандар үшін қуаныш болмақ. Ел басшысының бұл Жолдауында тек жалақы ғана емес, жастар саясаты, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы бірқатар қызметтерді де айқындады. Мен, тәуелсіз елдің азаматы ретінде Президентіміздің сарабдал саясатын бірден құптап, жемісті нәтижелер күтемін!

Маржан Мирасова,

Абай атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT