«Мемлекеттік шекара туралы» Заңы түсіндірілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы аумағындағы мемлекеттік шекара бойына жақын орналасқан Дыңғызыл, Қиғаш, Кудряшов және Байда ауылдық округтерінде жергілікті атқарушы органның қолдауымен жиын өтті.

96d3d760-69ef-4b57-8536-7d34b5cfaf3e

Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлері жергілікті тұрғындарға ҚР «Мемлекеттік шекара туралы» Заңы, ҚР Қылмыстық Кодексінің 510, 512, 514 баптарының талаптарын түсіндіруге бағытталған шаралар жүргізді.

e8939c4a-8867-428e-a641-ba1abb65eb56

Айта кететін жағдай, ҚР Мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тысқары жерден қасақана заңсыз кесіп өту, сол сияқты ҚР Мемлекеттік шекарасының көрсетілген пункттерінен жалған құжаттар арқылы немесе үшінші тұлғалардың жарамды құжаттарын алдап пайдалана отырып, сол сияқты белгіленген тәртіпті бұза отырып, қасақана заңсыз кесіп өту, сондай-ақ, азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға ҚР аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру сынды іс-әрекеттері үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 392, 394 баптарына сәйкес бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

 

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT