«Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің айғағы»

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер – мемлекетіміздің айғағы» атты онлайн эссе байқауы өтті.

Сайыста 18 бен 29 жас аралығындағы 12 үміткер бақ  сынасты. Қалам тербегендердің ойдан туған патриоттық шығармасын әділ қазы алқасы саралап, қорытындылады.

Нәтижесінде  М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінен Назерке Шырақбайқызы жүлделі І орынды иемденсе, ІІ орын Алтынай Нұфтоллаева (Жаңаталап а/о) мен  Бекарыс Демесиновке (Үштаған а/о) бұйырды. Ал, ІІІ орынды Айжан Әлімжан (Б.Бегалиев ЖОМ) мен Ақнұр Абаева (Шабыт), Ақерке Амангелдиева (Өнерпаз) қанағат тұтты. Жүлделі орыннан көрінген қатысушылар мен үміткерлерге ақшалай сыйлық және марапаттау қағазы табысталды.  

memlekettik-rmizder--memleketimizdi-ajay1

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521