Мемлекеттік рәміз – егемендік белгісі

(0 Votes)

Қай мемлекеттің болмасын негізін қалаушы халықтың тарихы, салт-дәстүрі,тілі мен ділі. Бұл – заңдылық. Осы себептенде, ел Тәуелсіздігінің дәлелі – рәміздері. Солардың бірі – желбіреген көк байрағымыз.

1992 жылы 1200-ге тарта суретшілер қатысқан ашық конкурста Шәкен Ниязбековтың еңбегі жеңіске жетті. Қазақстанның Мемлекеттiк Туының түсi – алтынмен айшықталған көк түстi болды. Онда таза ашық көк аспанда сәуле шашқан алтын күн бедерленiп, күн астында қанатын кең жайып, қалықтаған қыран құсты қалықтатты. Туда қазақ халқының жұмылған жұдырығындай «қошқар мүйiз» оюы өрнектелген. Қыран құс – этникалық ұғым бойынша еркiндiк пен қайсарлықтың, кеңпейiлдiк пен алысқа шарықтаған арманның нышаны. Бұл – Қазақстанның толыққанды егемендiгiнiң көрiнiсi. Ал, ашық көк түс – адамзат санасында қашанда тазалықтың, шексiздiктiң, аспанның белгiсiн бiлдiрген. Шәкен Ниязбековтiң бұл түстi таңдауы – Қазақстан халқының еркiндiгi мен ынтымағын, бөлiнбес мәдениетi мен мақсаттарын айшықтап тұрғандай. Ежелгi белгi бойынша өмiр – табиғаттың ұлы айналымы. Байрағымыздағы күн - табиғатқа өмiр берушi ретiнде алынған. Одан тараған отыз екi шапақ қазақ жерiнiң негiзгi байлығы – астығының белгiсiндей. Бұқаралық ақпарат құлдарында таралған ақпараттарға сүйенсек, Шәкен Онласынұлы туда қазақтың үш мәселесi бар екендігін айтады.Олар,  көк тәңiрi – көк түс. Қазақ тәңiрге сыйынған. Тәңiршiлiктiң кейбiр әдет-ғұрпы қазiргi салтымызда да бар. Кейін, қазақтың мәрттiгiн, кеңпейiлдiлiгiн танытатын – бүркiт. Бүркiтiмiз бен күнiмiз, көк аспанымыз Туда көрiнiс тапты. Үшiншi мәселе, қазақтың қазақ екендiгiн айшықтайтын оюының Тудан көрiнiс табуын мақсат тұтыпты. Ұлттығымыз Тудан көрiнiп тұрсын деп ерекше оюменкөмкерлеген. Мiне, сөйтiп қазақ  ұлының осынау ойлары мен арманы - көк байрақ болып жүзеге асты.

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев «Стратегия-2050: қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағдары» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында толық бір тарау­ды қазақстандық патриотизмге арнаған еді. Оның ішінде бүгінгі жас буынның бойына патриотизм, өз Отанының жетіс­тігіне сүйініш сезімін  егу және мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету сипаттарына басымдық берілді. Оған қоса, өскелең ұрпақ үшін мемлекеттік  рәміздердің тәрбиелік мәні орасан. Қоғамдық сананың өзгеруі ХХІ ғасырдың басты мұраты — білімге, ашық­тыққа, креативтікке, прагматизмге жол ашады. Бұл — адам ретінде, ұлт ретінде  фундамен­тальды жеңістің басты кепілі. Бүгінгі жастар осындай мүмкіндікті пайдалана отырып, жақсы білім алып, ғылыми ізденістерге баруда. Әлемдік аренада отандық кұндылықтарды, мемлекет туын көтеру бағытында да алға жылжуды байқап жүрміз. Елдік мұраттарды, мемлекеттілікті, ана тіліміз бен тарихымызды қастерлеуде  рухани өсу бар, бәсекеге қабілеттілікке ұмтылыс бар.

Мемлекеттік рәміздерді білу мен тану, патриотизм деңгейінің мониторингі өзгеріс­терді анықтауға және жұмыс сапасын талдауға мүмкіндік беріп отыр. Осы орайда, ел ертеңі жастарымыз отан­сүйгіштікке деген көзқарасы мен қаты­насының өзгергенін айта кеткен жөн. Бүгінде біздер патрио­тизмді жалпы адам­заттық құндылық деп білеміз. Мемлекет пен қоғам алдында жауапкершілікті түсінетін замандастар санының күн санап артуы  қуантады.

Мемлекет, мектеп және отбасы бірігіп күш салғанда ғана өскелең буынға патриоттық тәрбие берудің тиімділігі арта түсетінін түсіне білудің маңызы зор. Осы үштағанның тығыз байланыста болып, ортақ іске жауапкершілікпен қарауы оқушы тұлғасының толыққанды дамуына мүмкіндік бермек.

Қазақстан азаматтарының мем­лекеттік рәміздерге деген көзқарасы мен қатынасы олардың өздерін қан­шалықты осы ел азаматы ретінде сезіне­тінін, оның болашағына қаншалықты сене­тінін көрсетеді. Әрбір азамат мемлекеттіліктің қалып­тасу үдерісінде рәміздердің мәні мен алар орнын, маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұранын құрметтеуді азаматтық парызым деп білуі тиіс. Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтемегені, сыйламағаны үшін жауапкершілікті сезінуі шарт және мемлекеттік рәміздер мен оның белгілері туралы терең білгені жөн.

Жайдарлым Еркебұланқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT