Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 522 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бойынша мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне өзара тығыз байланыста білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттыру мемлекеттік қызметшілер үшін негізгі қағидат болуға тиіс екендігі көрсетілген.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғарғы нәтижемен (3,33 GPA) аяқтап, білімін, дағдыларын және құзыреттерін дамытқан мемлекеттік қызметшілеріге оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органның келісімі негізінде конкурс өткізілместен орналаcу мүмкіндігі берілген болатын.
Осы негізде Құрманғазы ауданы бойынша 2023 жылы ҚР Мемлекеттік басқару Академиясын екі мемлекеттік қызметші аяқтап, лауазымдарға конкурс өткізілместен орналаcуға мүмкіндігі бар түлектеріміздін бірі Ж.М.Джанканов - ауданның жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып тағайындалды. Екінші түлегіміз М.Е.Ажигереев - ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтар бойынша ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын жою және мемлекеттік органдарға жас таланттарды көптеп тарту мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 3,33 GPA мәннен төмен емес нәтижесімен оқуын аяқтаған түлектерді бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен (тестілеуден өтпей) «Б» корпусының кейбір төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеусіз тағайындалу мүмкіндігі де көзделген.
Осы негізде М.Василий Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетінің түлегі 2023 жылы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың
бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімі