Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында мемлекеттік қызмет алдыңғы қатарлы салаға айналуы тиістігін айта келіп, маңызды саланың беделін арттыру үшін оң имидж, жаңа мәдениет, жаңа құндылықтар қалыптастыру қажеттігіне баса назар аудартты.
Осы орайда мемлекеттік қызметшілер мен халық арасында тығыз қарым-қатынас болуын бірінші кезекке қойды.
Шынында да, қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшінің оң имиджін қалыптастыру үшін бірнеше қасиеттерге ие болуы қажет. Қызметтік әдеп - адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және біліктілік деген алты қағидатқа негізделеді. Сонымен қатар, бұл қасиеттер азаматтарға бағдарлану, кәсібилік, шұғыл әрекет ету, қолжетімділік секілді қабілеттерді де толықтыра түседі. Мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың, беделінің артуының басты өлшемі, әрине, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетумен тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызметшінің беделін арттыру үшін түрлі шектеулер де белгіленді. Ол бойынша бұл саладағылар қызмет көрсету кезінде ар-намыс пен абыройға зиян келтірмеу, этикалық нормаларды сақтауы керек. Бұл өз кезегінде мемлекеттің абыройын, ұлтымыздың мәртебесін арттыратын құптарлық қадам. Осы ретте әр мемлекеттік қызметші үлкен жауапкершілік танытуы қажет екендігін ұмытпаған жөн.
Елімізде бүгінгі күні мемлекеттік қызыметтің беделін арттыру мақсатында бірнеше жобалар да жүзеге асуда. Бұл жобалардың тұрақты мемлекеттік қызметшілермен қатар алдағы уақытта мемлекеттік қызмет етуге ниет білдірушілердің, жастардың түсінігін қалыптастыруға арттырар рөлі зор екендігі анық.
І.ТҮЙМӘЛИЕВА,
Сафон ауылдық округі бас
маманының міндетін атқарушы