Мемлекеттік қызметкер болу-зор құрмет. Мемлекеттік қызметтің басты міндеті - халыққа адал қызмет ету, халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату.
Мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер болса, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен биік беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты, қос ұғым екені анық. «Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, халықтың мұң-мұқтажын қанағаттандыру мемлекеттік қызметшінің басты қағидасына айналуы тиіс. Өйткені, ол қай кезде де биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Сонымен қатар, маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы мемлекеттік қызметтің имиджі халықтың мемлекеттік аппаратқа сенімі деңгейінің көрсеткіші мен қоғамның басқару қызметінің тиімділігін бағалау өлшемі болып табылады.
Елена Куанышкалиева,
Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты бас маманы