Мемлекеттік қызметтің беделі - ең алдымен мемлекеттік қызметшінің біліміне, тәжірибесіне, орындаушылық тәртібіне және өз ісіне деген жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру үшін, мемлекеттік қызметші өзінің біліктілігін үнемі арттырып, семинарларға қатысып, қазіргі уақыт талабына сай өзгерістер мен жаңалықтардан үнемі хабардар болып отыруы тиісті. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар — ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.
Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелердің жақсы жағынан шешілуі мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне тікелей байланысты. Дамыған елдердің тәжірибесі мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда мемлекеттік аппараттың кадрлық мүмкіндігі, мамандардың жан-жақтылығы аса маңызды екендігін көрсетіп келеді. Сондықтан елімізде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап та, оларға артылатын жүк те, сенім де қазір күшейіп келеді. Мемлекеттік қызметте, негізінен, азаматтардың білімі мен біліктілігі өте маңызды рөлге ие. Себебі жан-жақты, білімді, жауапкершілігі мол қызметші өз жұмысын тиянақты жасап қана қоймай, тұрғындар тарапынан болған сыни көзқарастарға, ұсыныс-талаптарға сауатты әрі нақты жауап бере алады. Мемлекеттік қызметшіге жүктелген міндет — халықтың сенімін ақтап, Отанға қалтқысыз қызмет ету. Сонда ғана еліміз дамыған елдердің қатарына енеді, жастарымыз бәсекеге қабілетті болады. Қазіргі мемлекеттік қызметшілер оны түсініп, өз ісіне барынша жауапкершілікпен қараулары керек. Егер мақсатқа жетуді бүгіннен бастасақ, ел ертеңі жарқын болмақ!
С.Сапарова,
Жаңаталап ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы