Мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетеді

фото: GOV.KZ
(0 Votes)

Егемендік алған жылдар ішінде қоғам дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Соның ішінде, мемлекеттік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалды.

Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер — жеке мемлекеттiк функцияларды iске асырудың бiр түрi. Ол қызмет алушылардың өтiнiшi бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетудi iске асыратын өмір    сапасы болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:
1)көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;
2)Мемлекеттік корпорация арқылы;
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетіледі.
«Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамуда.

Бүгінгі таңда «М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 9 түрін көрсетеді:

  • "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету 
  • "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау"
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау"
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау"
  • "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау"
  • Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну"
  • "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"
  • «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"
  • "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру"

Автоматтандыру процесін қалыптастыру  үшін Egov ПОРТАЛЫ енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді ұсынудың автоматтандырылған түрінің артықшылықтары – олардың қолжетімділігі. Қызметтерді автоматтандырылған режимге ауыстырудың негізгі артықшылығы ретінде мыналарды атап өтуге болады: қызмет алу туралы ақпарат алуға қолжетімділік; мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, қызмет алуға   байланысты уақытша шағындарды қысқарту; үйден немесе жұмыс компьютерінен мемлекеттік қызметтерге өтініш беру мүмкіндігі.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуін жақсарту, баламалы және электрондық қызметтердің үлесін көтеру мақсатында ХҚКО арқылы және электрондық қызметтердің кең таралуын және пайдаланушыларды арттыру үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын көтеру жөнінде шаралар болып табылады. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі ата-аналарға, мөлтек ауданға қарасты тұрғындарға және шалғай елдімекендерде тұратын тұрғындарға мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелерін тұрақты өткізіп тұрады.

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерге кол жетімділікті арттыру, халықты ақпараттандыру, оны электрондық нұсқада алуды үйрету, мемлекеттік қызметтердің ашықтылығын көрсету және қызметтердің сапасын арттыру, аудан  көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және электронды қызметтер туралы толық ақпаратты бере отырып, қызмет көрсету бағытында толғандырған ойлар мен проблемалық мәселелерге, сұрақтарға жауап беру.

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі  мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышында арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен  «Электрондық үкімет» порталы, Mgov, Telegram-бот,  @EgovKzBot мобильді мессенжерін пайдалану арқылы керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз  алуда. Мектеп аумағында барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтер жасалған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдың азаюына негіз тудыру.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор.

А.И.Бахтгереева,

М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты қызметкер 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT