Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қағидалары талаптарын сақтау, қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері бойынша Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметшілер арасында пікір алмасу отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлім басшысы Н.Тулепов, Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік Әдеп қағидалары талаптарымен таныстырып, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін атқаруда қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға тиіс екендігі жөнінде тоқталып, қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу мәселелері туралы түсінік беріп, жиын одан әрі мемлекеттік қызметшілер тарапынан пікір алмасу арқылы жалғасып, әдеп қағидалары талаптарымен танысты.
С.Кабдолов,
Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы