Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметші – биліктің айнасы, оның түр-сипаты болып табылады. Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер күнделікті қызметінде халықпен кездесу барысында өзін-өзі ұстау мен көпшілік алдында сөйлеу кезінде әдеп нормаларына сай келе бермейтін түрлі кемшіліктерге жол беріп алатын жағдайлар да кездеседі.

Осыған орай мемлекеттік қызметші мемлекеттің мүддесіне және азаматтардың құқығына залал келтіретін іс-қимылдарға қарсы тұруға, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті. Әрқашан да қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметін кәсіби, жоғары дәрежеде көрсете білулері тиіс.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшіге Әдеп кодексін сақтау өте маңызды, себебі, ол тікелей адамдармен жұмыс істейді және әртүрлі әлеуметтік топтағы адамдармен қарым-қатынас жасайды. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің сыртқы бейнесі, киім-киісі, қимыл әрекеттері, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттерінің барлығы мәдениеттің үздік үлгісіне айналуы керек. 

Өз кезегінде мемлекеттік қызметші қоғам мен азаматтар арасындағы жауапкершілікті сезіне отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілер талаптарын мүлтіксіз сақтауға, жалпы қағидаттар мен адамгершілік нормаларын сақтауға, қызмет барысында және тұрмыста жоғары парасатты, мәдениетті болуға талпынуы тиіс.

Мемлекет басшысы 2015 жылғы мамырда «Ұлт Жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» реформалық бағдарламасын жария етті. Бұл құжатта ең алғашқы өзекті міндет ретінде кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесі алға қойылған. Елбасының  осы Ұлт жоспарының 12-қадамында жазылған «Жаңа этикалық ережелерді енгізу.  Мемлекеттік қызметтің жаңа этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу» жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әдеп кодексі қабылданып, Әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы енгізілгені  белгілі.

Әдеп жөніндегі уәкіл - қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ, өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі функциялары консультациялық көмек көрсету, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыру, заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғаларға қызметтік әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарау туралы ұсыныммен жүгіну болып табылады.

Әдеп жөніндегі уәкіл - мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын басшылыққа алады.

 Әдеп жөніндегі уәкіл мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді:

  1. Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттік қызметшілердің білімін жетілдіре түсуіне ықпал ету, нақтылай айтқанда түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
  2. Ақпараттық сипаттағы жұмыстарды атқару.
  3. Мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдауды жүзеге асыру.
  4. Ұжымдарда моральдық әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға көмектесу.

Социал Темірлан Абайұлы,

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі»  ММ-нің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT