Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Бұл сипатта әдеп мәдениетінің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын белгілейтін Әдеп Кодексі қоғамның мемлекеттік қызметшілерге сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез – құлық жағдайларын алдын алуға бағытталған. Ұжымда түсіністік пен сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметтік әдеп нормаларын сақтау; сыпайылық – азаматтармен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарау болып табылады. Ақкөл округі әкім аппаратының мамандары қызметтік міндеттерін орындау кезінде әріптестеріне және тұрғындармен сыпайы сөйлесіп, құрметпен қарайды. Мысалы кей жағдайда округ әкіміне азаматтар жан – айқайымен, өздерінің уәждерімен келіп жатады. Мұндай жағдайда сабырлық танытып, заң аясында түсіндірме береді. Әрбір мемлекеттік қызметші тікелей халықпен жұмыс жасағандықтан, оның басты міндеті – әдеп нормаларын сақтап, қарапайым болуды ұстануы керек және елге абыройлы қызмет ету баршамыздың қасиетті борышымыз. Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарын орындалуы бойынша жүргізілуге тиісті жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Г.Баянова,
Ақкөл ауылдық округінің бас маманы