Әр саналы адам еңбек етіп, өз елінің бір кірпіші болып қалануды мұрат ететіні анық. Соның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің мақсаты ерек, міндеті үлкен. Мемлекеттік қызметке келген әрбір азамат өзінің қоғам алдындағы да, халық алдындағы да зор жауапкершілігін сезінуі тиіс.
Өйткені мемлекеттік қызмет дегеніміз – елге, Отанға қызмет ету деген сөз. Ал осы абыройлы қызметтің мінсіз болуы – ол әр мемлекеттік қызметкердің өз қызметін мінсіз істеуі. Жалпы, кәсіби мемлекеттік аппарат құру жолында да мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігімен қоса адамгершілігі де жоғары деңгейде болу керек. Өйткені маман қанша білімді болғанмен де, өз еліне жаны ашымайтын болса, онда ол нағыз мемлекеттік қызметкер бола алмайды.
Мемлекеттік қызметкер – мемлекеттің абыройы, мемлекеттің беделі. Сол себепті әр мемлекеттік қызметкердің бір қателігі немесе бір жетістігі мемлекеттік қызметтің абыройымен өлшенетіндігін білген жөн. Жалпы, мемлекеттік қызметті тек мансап деп қарайтындарды өз қызметін бағаламайтындар дер едім. Себебі, елге қызмет етуден асқан бақыт жоқ. Өз жұмысынан рухани күш алатын маман – қызметте білікті, өмірде бақытты адам деген сөз. Ал білікті маман, бақытты адам өз елінің көркеюі үшін еңбек етері хақ.
Шортанбай ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Г.Кумарова