Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі арқылы қабылданған мемлекеттік қызметшінің пікірі

(0 Votes)

Мен мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2014 жылы аудандық  ішкі саясат бөлімінде  бас маман болып бастадым. Аталған мекемеде екі жыл жасап, 2017 жылдың 4 қаңтарынан бастап бұрынғы Ганюшкин,  қазіргі Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына бас маман қызметіне  ауысу тәртібімен  жұмысқа орналастым. 2018 жылы Құрманғазы ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалып, 2024 жылға дейін қызмет атқардым.

2022 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсуге құжаттарымды тапсырдым. Туған елін дамытуға үлес қосқанды қалайтын адамға білім ешқашан артықтық етпейді. Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Біріншісі, белгілі бір тақырыпқа кейс шешу, екінші кезең – онлайн немесе оффлайн сұхбаттасу болды. Өзім онлай түрін таңдап, сұхабаттасудан өттім. Екеуінің нәтижесін қосқанда керек балды жинап оқуға қабылдандым.

Аталған білім ордасы Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерді кәсіби даярлайтын жалғыз оқу орны. Оны қорытындылап,  «Өңірлік даму» бағдарламасының Бизнес және басқару магистрі дипломын алып шықтым. Дипломдағы қорытынды GPA 3,57-і құрады. Ол дегеніміз мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі арқылы, академияны аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде GPA 3,33 немесе одан жоғары болған жағдайда, бос тұрған орынға конкурссыз тағайындалуға мүмкіндіктер беретін болды. Сол мүмкіндікті пайдаланып, 2024 жылдың маусым айында Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне, қоғамдық даму секторының меңгерушісі лауазымына конкурссыз тағайындалдым.

Мемлекеттік қызметші аты айтып тұрғандай еліне, халқына адал қызмет етуі тиіс деп санаймын. Себебі, оған Отанымыз сенім артып отыр. Ол – мемлекеттің бет-бейнесі! Жалпы, мемлекеттік биліктің тармақтары  адам денесін қажетті оттегімен қамтитын қан тамырлары сияқты. Бейнелеп айтсақ, Президентті – жүрек деп алсақ, Үкімет –  басты қан тамырлары, ал, мемлекеттік қызметшілер – тарам-тарам кішкене ғана тамыршалар. Ағзамыздың әр бөлігіне тіршілік нәрін апарып, оның өмір сүруін қамтамасыз ететін осы тамыршалар емес пе?! Сол сияқты Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын халыққа жеткізіп, оның жергілікті жерде жүзеге асуына себепкер болатын мемлекеттік қызметшілер. Олар өзінің қызметке кірерде берген антына адал болуы тиіс, халық пен билік арасындағы қарым-қатынаста өзін  кәсіби маман ретінде ұстай білуі керек деп ойлаймын. Мемлекеттік қызметтің этикасын, Әдеп Кодексінің нормаларын сақтау, ел дамуының жолын кесетін жемқорлықпен күресу – басты міндетіміз. 

Пікір иесі: Ажигереев Мерей Есенгелдіұлы- Құрманғазы аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің қоғамдық даму секторының меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT