Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.
Мемлекеттік қызметшілер Отанға қызмет ету мәдениетін дәйекті түрде игеріп, жүзеге асыруы қажет. Елге қызмет ету әркімнің өзіне жүктелген міндетті шынайы және адал орындауынан көрінеді. Мемлекеттік сана деңгейіне көтерілу, ұлттық мүдделерді сақтау үшін тек білімді және құзыретті болу жеткіліксіз. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхан «Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деген. Мемлекеттік сана – мемлекетшіл болу, ұлттық мүдделердің мәнін түсіну. Президент айтқандай, әрбір мемлекеттік қызметші мемлекетшіл болуы керек. Мемлекеттік сана деңгейіне көтерілген адам үшін, мемлекет пен елдік мүдделер – қашанда алдыңғы орында. Сондықтан да әр қызметкер өз қызметіне адал, әрі жауапты болуы тиіс.
А.Шамеров,
Көптоғай ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы