Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші

(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші Мемлекеттік қызметтер – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түрі. Ол қызмет алушының өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес және тұлғаларға қызмет көрсетуді іске асырады.

Мемлекет алдына қойған негізгі міндеттердің бірі- жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық халықтың бірдей кедергісіз қол жеткізуі және бұл Заңмен бекітілген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы No 301 бұйрығы негізінде Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы Заңына сәйкес, «Орлы ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

1. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру

2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

3. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою

4. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату

5. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

6. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу.

2025 жылдың басынан бері 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар: Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-2, Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-1. Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мерзімі кешіктіріліп қаралған мемлекеттік қызмет болған жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органдарда халықты цифрлық сауаттылыққа үйрету мақсатында, округ ғимаратында арнайы маман бекітіліп, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, «eGov.kz», «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Е-лицензия, «Е-өтініш" секілді платформалардан қызмет алуда.

Жыл басынан бері «Өз-өзіне қызмет» көрсету бұрышынан округ тұрғындары 150 қызмет алды. Мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап береді.

Елена Куанышкалиева,

Орлы ауылдық округ әкімі аппаратының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT