Мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы, қоғамның кез келген саласының дамуы - бірінші кезекте мемлекеттік қызметкердің еңбегіне тікелей байланысты.
Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі жəне адал болуы, ол өз қамы үшін емес, мемлекет игілігіне жұмыс істеуі, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек. Заң талаптарымен толық сəйкестікте өмір сүріп, кез келген орында, кез келген лауазымда қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай, əділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстауға тəрбиелеу керек. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде, мемлекеттік қызметкердің оң имиджі мен беделі бұл мемлекет беделінің бір бөлігі. Мемлекетімізде жоғары кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, олардағы басқару құрылымдарының міндеттерінің сапалы жүзеге асуы, бұл көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына қарап халық билікке, оның қарапайым халыққа деген көзқарасына баға береді. Осыдан мемлекеттік қызметкерлердің иығына жүктелген үлкен жауапкершілікті байқауға болады. Осы тұрғыда мемлекеттік қызметкерлер үдеден шығу үшін аянбай еңбек еткені жөн деп ойлаймын.
Жаңаталап ауылдық округ әкім аппараты